Жаңалықтар

26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен келіссөздер жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Мемлекеттік әкімшілік кеңестің төрағасы, Мьянма Одағы Республикасының Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Өзара іс-қимыл туралы меморандумға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ пен Мьянма елдерінің ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. «Меморандумға қол қойылған сәттен бастап біздің ынтымақтастық жөннідегі экономикалық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша оң динамика байқалады. ЕАЭО мемлекеттерінің Мьянмамен тауар айналымы 2019 жылдан 2024 жылға дейін үш еседен аса ұлғайып, 1,5 млрд доллардан асты», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы Тараптардың бір-бірінің сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру өзара іс-қимылды дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Мин Аун Хлайн ЕАЭО мен Мьянма диалогына қосымша серпінді іскер топтар арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етеді деген ортақ пікірге келді. Бұл ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. ЕАЭО елдеріне Мьянмадан тасымалданатын негізгі тауар түрлері күріш, кофе, пальма майы, какао атбас бұршақтары болып табылады. Мьянмаға импортталатын тауаралар ішінде минералды тыңайтқыштар, тұтыну тауарлары, машиналар мен жабдықтар, металдар, тамақ майлары, цемент, дәрі-дәрмектер басым болып келеді.
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО аясында жыл сайын бизнес-құрылымдар бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысына қатысты. «Комиссияның жұмысы тұтастай алғанда біздің елдеріміздің кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін барынша тиімді пайдалануы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Біз іскер қоғамдастықпен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде. ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО аясында қомақты нормативтік-құқықтық база құрылғанын, экономиканың түрлі салаларында ұзақ мерзімді басымдықтар айқындалғанын, бұл бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл ретте Комиссияның Одақ елдерімен бірлесіп қалыптастырған Консультативтік кеңесті қоса алғанда, іскер топтармен өзара іс-қимылы механизмдері олардың мүдделерін барынша ескеруге көмектеседі. «Консультативтік кеңестің құрылуы «бір терезе» аясында кәсіпкерлермен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуге ықпал етті. Қазір біздің диалог бизнес сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Осы арқылы жыл сайын Одақ аясында бизнес-құрылым бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады және реттеуге енгізіледі», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Отырыс барысында еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері, оның ішінде ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат құралдары туралы іскер топтардың хабардар болу деңгейін арттыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіру мәселелері талқыланды. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты – ЕЭК-тің құзыретіне кіретін салаларда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындау бойынша Комиссияның және ЕАЭО Іскерлік кеңесінің тиімді диалогын қамтамасыз ету.  
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО және АӨСШК елдерінің сауда-экономикалық диалогының маңыздылығы артып келеді» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында ЕЭК пен АӨСШК арасындағы кейінгі диалог, атап айтқанда, Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері талқыланды. «Біз өзара мүдделерді ескере отырып, бірлескен қызметіміздің барлық перспективалық бағыттарын жоспарға енгіземіз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Бұл ретте ЕЭК Алқасының басшысы өңірдегі бірлескен бастамаларды ілгерілетуге баса назар аударуды ұсынды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастық жаһандық экономикалық процестер жағдайында өзектілігін арттыруда. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға келісті. ЕЭК пен АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға 2022 жылы қол қойылған болатын.
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «Экономикалық күштердің ұштасуы өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейтуге қабілетті» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумының «Мемлекетаралық бірлестіктер диалогы: экономикалық күштерді ұштастыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету» атты панельдік сессиясына қатысты. «Интеграция диалогы» – әлемдік экономиканы дамытудың басты трендтерінің бірі. Еуразиялық экономикалық одақты сауда-экономикалық қатынастардың жаһандық жүйесіне енгізудің маңыздылығын Одақтың барлық бес елінің басшылары үнемі атап көрсетіп келеді», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.  ЕЭК Алқасының басшысы Комиссияның мүше мемлекеттермен бірлесіп жүйелі халықаралық диалог үшін қажетті инфрақұрылым құрғанын атап өтті. Өңірлік мемлекетаралық бірлестіктермен ынтымақтастық туралы 12 меморандум жасалды. Олармен жүргізілген диалог үздік тәжірибе алмасу және сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыру үшін негіз болады. Комиссия мен Одақ арасындағы байланыстардың кең желісі бүкіл әлемде, соның ішінде Еуразия, Латын Америкасы, Африкада дамыды. Диалог сәтті дамып келе жатқан негізгі серіктестердің қатарына ТМД, ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР, БРИКС, АӨСШК, Анд қауымдастығы, Оңтүстік Американың ортақ нарығы, Африка одағы, Тынық мұхиты альянсы және басқалары жатады.   Серіктестік географиясын кеңейтудің негізгі құралы сауда келісімдері болып табылады. Олар Вьетнаммен, Иранмен, Сербиямен, Қытаймен жасалған. Индонезиямен келісім жасасу туралы келіссөздер соңғы сатыда деуге болады. 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында БАӘ және Моңғолиямен тағы екі сауда келісіміне қол қою жоспарланған. «Бүгінде ЕАЭО басқа ұйымдардың интеграциялық құрылымының оң тәжірибесін қабылдауға ғана мүдделі емес. Құрылған бірлестік бола отырып, біз серіктестерге өзіміздің ең жақсы тәжірибемізді ұсынуға дайынбыз. Біздің экономикалық әлеуетімізді ұштастыру өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейте алады», – деп түйіндеді ЕЭК Алқасының басшысы.
26 маусымның 2025 Гоар Барсегян: «ЕЭК роботтарды өндіру бойынша нақты жобаларды қолдауға дайын» Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде технологиялық және бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған өнеркәсіптік роботтар мен роботтехникалық жүйелерді енгізу жөнінде 26 маусымда Минскіде өткен ЕЭФ-2025 дөңгелек үстелінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегянның қатысуымен «Роботтандырылған жүйелерді өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің өсу факторы ретінде қолдану» туралы сөз болды. «Қазіргі уақытта әлемнің жетекші елдері экономиканың түрлі салаларында өнеркәсіптік және сервистік роботтарды, роботтехникалық жүйелерді енгізудің ұлттық стратегияларын әзірлеп, іске асыруда. Технологиялық процестерді автоматтандыру және роботтандыру мәселелері өнеркәсіпте және АӨК-те ерекше өзекті болып отыр, мұнда айтарлықтай кәсіби кадр ресурстары қажет», – деп атап өтті Гоар Барсегян. Әлемнің жетекші мемлекеттерінің роботтандыру тығыздығы 10 000 жұмысшыға 100-ден аса, тіпті 1000 өнеркәсіптік роботтан асатыны белгілі. ЕАЭО елдерінің бизнесі мен мемлекеттік құрылымдарының бастамасы бойынша Одақта «Роботтехника» атты Еуразиялық технологиялық платформасы құрылып, «Өнеркәсіптік роботтехника» атты мемлекетаралық бағдарламасы әзірленуде. Алдағы бес жыл ішінде тиімді өнеркәсіптік роботтар мен роботтехникалық жүйелерді жаппай енгізу міндеті тұр. Ол үшін Еуразиялық «бестік» елдерінің салалық қауымдастықтарының, ғылыми мекемелері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, роботтехникадағы нақты инвестициялық жобаларды іске асыруға көшу орынды. «Тақырыптың өзектілігін ескере отырып, Комиссия қолданыстағы қаржы механизмі аясында өнеркәсіптік және сервистік роботтарды сериямен өндіру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға сәйкес келетін нақты жобаларды қолдауға дайын. Біз қазірдің өзінде қажетті кооперациялық жобаларды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деп түйіндеді Гоар Барсегян.
26 маусымның 2025 Руслан Давыдов: «Кеден одағы – Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастырудың негізі» Минскіде Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасының негізгі іс-шараларының бірі – «Кедендік реттеу саласындағы интеграциялық процестер: инновациялар және экономикалық артықшылықтар» атты панельдік сессиясы өтті. Сессияның модераторы ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов болды. Ол сессияға қатысушылармен - ЕАЭО-ға мүше елдердің кеден қызметтері басшыларының орынбасарларымен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірге кеден саласында инновацияларды енгізу перспективаларын және олардың Еуразиялық интеграцияны дамытуға әсерін талқылады. Кеден қызметтерінің өкілдері ЕАЭО құрылғаннан бергі 10 жыл ішіндегі жұмыс нәтижелерімен бөлісті, кеден қызметтерінің күнделікті қызметіне перспективалық технологияларды енгізу жоспарлары туралы айтып берді, ал іскер топтардың өкілдері кеден мен бизнестің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар енгізді. «Кеден ісі саласындағы еуразиялық интеграция мақсаттарына қол жеткізу үшін Одақтың сыртқы экономикалық қызметін дамыту мақсатында қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ СЭҚ-қа адал қатысушылар үшін қолайлы іскерлік ахуал жасауға бағытталған Комиссияның және ЕАЭО-ға мүше елдердің кеден қызметтерінің үйлесімді бірлескен жұмысының маңызы зор», – деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов.
26 маусымның 2025 Руслан Давыдов: «Кедендік шекарадағы өткізу пункттерін дамыту – Одақтың транзиттік әлеуетін кеңейтудің негізі» ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов Еуразиялық экономикалық форум аясында «ЕАЭО кедендік шекарасында өткізу пункттерін дамыту ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін кеңейтудің негізі» атты дөңгелек үстел өткізді. Оның айтуынша ЕАЭО елдерінің үкіметі алдында еуразиялық көлік-логистикалық маршруттар мен дәліздердің инфрақұрылымын жедел қарқынмен дамыту міндеті тұр. Бұл ретте «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударылады. Өткізу пункттері халықаралық көлік дәліздерінің негізгі элементі болып табылады, көп жағдайда олардың өткізу қабілеттілігін анықтайды. «Өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жаңғырту, серпінді технологияларды, интеграцияланған ақпараттық жүйелерді, заттар интернетін, үлкен деректерді және жасанды интеллект технологияларын енгізу кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарының жедел өтуі үшін жағдайларды қамтамасыз етеді, Одақтың сыртқы саудасын дамытуға жәрдемдеседі», – деп атап өтті Руслан Давыдов. ЕЭК-тің осы бағыттағы негізгі міндеті өткізу пункттерінің инфрақұрылымына, сондай-ақ оның жекелеген элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды типтендіру, ЕАЭО-ның жалпы кедендік шекарасында өткізу пункттерін дамыту жөніндегі тараптардың күш-жігерін үйлестіру болып табылады. ЕАЭО-ға мүше елдердің кеден әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ бизнес көшбасшылары өткізу пункттерін жайластыру және жаңғырту саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, шекарадағы кеден органдарының жұмысына серпінді технологияларды енгізу жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстар туралы айтып берді.
25 маусымның 2025 27 БАҚ Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері болды Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері ретінде алты елдің 27 ақпарат агенттіктері, телеарналары, газеттері мен желілік басылымдары болды. Армения Республикасының БАҚ: «Арменпресс» ақпарат агенттігі, «АрмИнфо» ақпарат компаниясы, Verelq ақпараттық-талдау орталығы, Alphanews.am ақпарат агенттігі, 24 NEWS.AM ақпарат агенттігі. Беларусь Республикасының БАҚ: «БелТА» ақпарат агенттігі, Беларусь Республикасының ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясы, «Звязда» Баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь Республикасындағы ВГТРК өкілдігі - «РТР-Беларусь» телеарнасы, «Екінші ұлттық телеарна» республикалық унитарлық кәсіпорны (ОНТ), «Астаналық телевизия» республикалық унитарлық кәсіпорны (СТВ), «Минск-Новости» агенттігі» мекемесі, «Бүгінгі Беларусь» баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь радиосының алғашқы ұлттық арнасы. Қазақстан Республикасының БАҚ: «Қазақпарат» ақпарат агенттігі, «Хабар» телеарнасы, «Іскер Қазақстан» ақпарат агенттігі, Inbusiness.kz ақпарат агенттігі, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы). Қырғыз Республикасының БАҚ: «Кабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі, Қырғыз Республикасының Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы. Ресей Федерациясының БАҚ: ТАСС ақпарат агенттіктері, «РИА Новости» ақпарат агенттігі. Халықаралық БАҚ: Sputnik ақпарат агенттігі және радио, «МИР» халықаралық телерадиокомпаниясы. Иран Ислам Республикасының БАҚ: Ислам Республикасының ақпарат агенттігі (ИРНА).
Тағы да көрсету